2025 жылдың11- ақпанында Абай облысы білім басқармасы «Дарындылық пен
2025 жылдың11- ақпанында Абай облысы білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен үстел теннисі ойынынан Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Аталған ойынға ауданымыздың намысын қорғап, мектебіміздің 5-6 сынып оқушыларынан құралған команда Сейфуллина Нармина, Асылан Қуанышбек, Жайлауғазы Тасқын қатысып, нәтижесінде: жүлделі 🥉орынды иеленді. Жетекшісі-Жармұхамет Берік Серікжанұлы.