ТӘЛІМГЕР ЖҰМЫСТАРЫ » Страница 2 » "Т.Көбдіков атындағы орта мектебі"
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(72345) 2-17-96
Есепші бөлімі:
+7(72345) 2-17-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлттық валюта күні
15
ноябрь
2024
Ұлттық валюта күні
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. 15 қараша-Ұлттық валюта күні.
Жас ұлан, жас қыран ұйымына қабылдау
24
октябрь
2024
Жас ұлан, жас қыран ұйымына қабылдау
2, 5-сынып оқушылары Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылданды. "Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
25 қазан Республика күніне  "Ән жырым саған арналады" мерекелік концерті
22
октябрь
2024
25 қазан Республика күніне "Ән жырым саған арналады" мерекелік
25 қазан - Республика күніне орай 1-10 сынып оқушылары арасында «Ән-жырым саған арналады» тақырыбында жас өнерпаздар байқауы өтті. Оқушылар байқауға қатысып, көпшілігі алғаш рет сахнада өздерінің таланттары мен дағдыларын көрсетті. Байқау жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Нәтижесінде «Бас жүлдені» 5 «А» сынып оқушысы Бахмұхамет Жанерке жеңіп алды. 
Мектеп Парламент президентін сайлау
19
октябрь
2024
Мектеп Парламент президентін сайлау
Мектебімізде 19 қазан күні жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жeтілдіруге деген құштарлық, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында Мектеп парламентінің президентін сайлау өтті. Сайлауға 5-11 сыныптан барлығы 123 оқушы қатысты. Сайлауға қатысуға өтініш білдірген 4 үміткердің арасынан 51% дауыс жинап, мектеп парламентінің президенті болып, 9 “А” сынып оқушысы Бейсетай Диана сайланды.
Қыздар жиналысы
14
октябрь
2024
Қыздар жиналысы
Қазан айының 14-і күні мектеп психологы И.Оразханова, мектеп тәлімгері А.Шакенова және медбике А.Бейсекенованың ұйымдастыруымен 7-11 сынып қыздарымен «Ерте жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.
"Ұстазым ұлағатты, үлгі өнегем"
07
октябрь
2024
"Ұстазым ұлағатты, үлгі өнегем"
"Ұстазым ұлағатты, үлгі өнегем" ұстаздарға арналған мерекелік концерт өткізілді.
«Дублер күні»
04
октябрь
2024
«Дублер күні»
 «Ұстаздар күніне» орай ұйымдастырылған «Дублер күні» өз дәрежесінде өтті. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиетін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. https://www.instagram.com/p/DAsjZnEs9AY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
1 қазан қарттар күніне орай "Қарттарым аман жүрмісің"
01
октябрь
2024
1 қазан қарттар күніне орай "Қарттарым аман жүрмісің"
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» деп айтқан халқымыз. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.  1 қазан –Қарттар күніне орай, мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Дублер күні
25
сентябрь
2024
Дублер күні
2024 жылдың 25-қыркүйек күні  "Дублер күні" бойынша  мектеп директоры К.Б.Ажимбетова мен  оқушылардың өзін -өзі басқару күнін өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, өткізу нысаны мен тәртібін "Мектеп Парламентінің" ұйымының отырысында талқыланды.