13
сентябрь
2023
«Білімділер жәрмеңкесі» тақырыбында сайысы өтті
13.09.2023ж 5-9 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Білімділер жәрмеңкесі» тақырыбында сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушының өз ойын, негізгі идеясын тезис ұстанымынан ауытқымай, жазу стиліне қатысты көркем тіл құралдарын, сөз оралымдарын дәл, орынды пайдалану арқылы шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын , танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
«Білімділер жәрмеңкесі» сайысына оқушылардың қызығушылықтары артып, белсене қатысты.
Оқушылар «Білімділер жәрмеңкесі» викторина сайысы барысында өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Оқушылар сайыс барысында ой-өрістерінің кең екндігін, және грамматикалық сауаттылықтарын көрсете білді және білімдерін кеңейте түсті.
«Білімділер жәрмеңкесі» викторина сайысы қорытындысы бойынша І орынды 7 «Ә» сыныбы иеленді. 8 «А», 9 «Ә» сыныптары ІІ орынды иеленді, 7 «А», 6 «А» сыныптары ІІІ орынды иеленді.