«АСЫҚ АТУ» челленджі
17 қараша күні мектебімізде «АСЫҚ АТУ» челленджі өтті. Аталмыш челленджге Төлеу Көбдіков атындағы орта мектебінің оқушылары да өз үлестерін қосты. Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады. Челлендж өткізудегі басты