08
октябрь
2024
Оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауы
Оқушылар арасындағы ғылыми жоба байқауы
Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 8 қазанында Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназиясы базасында 8-11 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Мақсаты:
-оқушыларды ғылыми-зерттеу, оқу-танымдық жұмыстарына ынталандыру;
- зияткерлік әлеуеттерін дамыту, талантты, дарынды жас зерттеушілерге қолдау көрсету, үздік зерттеулерді насихаттау.
Конкурс 16 секциядан тұратын 4 бағытты құрайды:
І бағыт
«Ғылыми- техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны», секциялар- физика, техника, жер және Космос туралы ғылымдар;
ІІ бағыт
«Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», секциялар- математика, қолданбалы математика, информатика, экономика;
ІІІ бағыт
«Салауатты табиғи орта- Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізгі», секциялар- химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау;
IV бағыт
«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршурттары» - секциялар- тарих, өлкетану, этномәдениеттану, тіл білімі, адам және қоғам, әдебиет.
Нәтижесінде: Тіл білімі секциясы бойынша 9 сынып оқушы Бейсетай Диана II орын (жетекшісі ШарипхановаҚ.Ш.), Қайырғазы Дана ІІІ орын (жетекшісі КамалиеваМ.Н.), адам және қоғам секциясы бойынша Амаева Сану ІІІ орын (жетекшісі Жұмағазы Р. Т.), математика секциясы бойынша Сайлаухан Ернар ІІІ орын (жетекшісі Жунусова Г.Т.), физика секциясы бойынша Турыспек Айсулу ІІІ орын (жетекшісі Бутабаева Г.К. ).