«Ең үздік оқушы» атты 5 – 10 сыныптар арасындағы мектепішілік сайысы » "Т.Көбдіков атындағы орта мектебі"
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(72345) 2-17-96
Есепші бөлімі:
+7(72345) 2-17-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ең үздік оқушы» атты 5 – 10 сыныптар арасындағы мектепішілік сайысы
25
февраль
2020

«Ең үздік оқушы» атты 5 – 10 сыныптар арасындағы мектепішілік сайысы

2020 жылы ақпан айының 25 жұлдызында мектебімізде «Жас дарын» орталығының жетекшісі Э.С.Рахимжанованың ұйымдастыруымен  «Ең үздік оқушы» атты 5 – 10 сыныптар арасындағы мектепішілік сайысы  өтті. Сайыс екі кезеңнен тұрды. 

Жалпы сайыстың мақсаты: үздік оқушыларды қолдау және марапаттау;лидерлік қабілеті мен қоса білімде жетістіктері бар  оқушыларды анықтау. 

Осы мақсатта І – айналымына 5 – 10 сыныптар арсында ең үздік деген 11 оқушы қатысып, эссе жазды.Олар: 5 «А» сыныбынан Советбеков Илияс, 5 «Ә» сыныбынан Султанова Айым, 6 «А» сыныбынан Қайратқызы Еркеназ, 6 «Ә» сыныбынан Советказинова Жұлдыз, 7 «Ә» сыныбынан Турсунбаева Ақерке, 7 «Ә» сыныбынан Азтаева Назерке, 8 «А» сыныбынан Собетказинова Айым, 8 «Ә» сыныбынан Бимұхаметова Аружан, 9 «А» сыныбынан Бакирова Дильназ, 9 «Ә» сыныбынан Мұхтарқызы Мадина, 10 «А» сыныбынан Құдайбергенова Аружан мен Муратказинова Наргиз қатысты. Осы оқушылар 5-6 сыныптар үшін: «Абай өлеңдерінің өзектілігі», 7-8 сыныптар үшін: «Көптен күткен күн» (Ұлы жеңіске 75 жыл), 9-10 сыныптар үшін: «Бауыржан Момышұлы – отбасы құндылықтарын дәріптеуші» тақырыбында эссе жазды. 

Нәтижесінде 7 оқушы келесі ІІ кезеңге жолдама алды. Олар: 5 «Ә» сыныбынан Султанова Айым, 7 «А» сыныбынан Азтаева Назерке, 7 «Ә» сыныбынан Турсунбаева Ақерке, 6 «Ә» сыныбынан Советказинова Жұлдыз, 8 «Ә» сыныбынан Бимұхаметова Аружан, 10 «А» сыныбынан Құдайбергенова Аружан мен Муратказинова Наргиз. 

ІІ – айналымының кезеңдері: 

1.Таныстыру «Менің бір күнім» (оқушы өзінің бір күндік күн тәртібін видео түрінде көрсетеді /3-4 мин/  

2. « Менің жаңалығым» .Шығармашылық лаборатория: Шығармашылық лабораторияны өткізу формасын конкурсқа қатысушылар өздігінен анықтайды. /10-15 минут/ (жоба, практикалық жұмыс т.б.)

3. «Көптен күткен күн» (Ұлы жеңіске 75 жыл) мәнерлеп оқу сайысы.

( кез келген ҰОС арналған өлеңнен үзіндіні   мәнерлеп, жатқа оқу) 

4.«Менің оқудағы жетістіктерім»  (жетістіктерін таныстырады, портфолио)

Сайысқа барлық үздік оқушылар өте жоғары дәрежедегі дайындықпен келіп, өз өнерлерін паш етті. Нәтижесінде 10 сынып оқушысы Муратказинова Наргиз І орын, 7 «Ә» сынып оқушысы Турсунбаева Ақерке ІІ орын, 8 «Ә» сынып оқушысы Бимұхаметова Аружан ІІІ орын иеленді. Советказинова Жұлдыз «Ізденімпаз оқушы», Султанова Айым «Білімпаз оқушы», Құдайбергенова Аружан «Шығармашыл оқушы», Азтаева Назерке «Жас зерттеуші» деген номинациялармен марапатталды.




«Жас дарын» орталығының жетекшісі                       Э.Рахимжанова








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив