01
сентябрь
2024
"Мектебім-мейірім мекені"
1 қыркүйек-Білім күні мерекесіне орай "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті. Жиынға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ардагер ұстаздар, Жарма ауданы әкімінің орынбасары Нургалиев Райым Жолдасбекович және ата-аналар қатысты. Мектеп директоры К.Б.Ажимбетова 1-сыныпқа алғаш қадам жасап отырған бүлдіршіндер мен ертеңгі түлек - 11-сынып оқушыларын айтулы мерекемен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекович кішкентай бүлдіршіндерге тілек айтып, мектеп ұжымына өз құттықтауын жеткізді. Кішкентайлар бүлдіршіндер әсем әндерін шырқап, би билеп алғаш қоңырау үнін әуелетті.