Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсанында «Абай әлемі» аясында 10 күндік өтті.
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсанында
«Абай әлемі» аясында 10 күндік өтті.
Жарма ауданы Білім бөлімі хатына сәйкес мектебімізде 17 қаңтарынан бастап «Абай әлемі» тақырыбымен онкүндік бастау алды. Онкүндік «Абай – үні, Абай – лебі» ашылу салтанатымен басталып, мектебіміздің кітапханашысы А.Райымханова ұйымдастырған «Абай - әлемдік маңызы бар тұлға» тақырыбындағы кітап, көркем еңбек пәні мұғалімі С.Темированың өткізген «Қазақтың бас ақыны» қолдан жасалған бұйымдар, сурет пәнінің мұғалімі Д.Булакбаев өткізген «Табиғат таң қаламын тамашаңа» суреттер көрмесімен жалғасын тапты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Т.Бигозинова «Абайды оқыған соң...» эссе жазу сайысын өткізсе, тәлімгер И.Оразханова мен тарих пәнінің мұғалімдері Т.Канеева, Р.Жұмағазы «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай мақтанба» пікірталасын шебер ұйымдастырды.
«Алтын қалам» жас ақындар мен қаламгерлер үйірмесінің жетекшісі М.Айкенова «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» 8-9 сынып оқушылары арасында мүшәйра өткізіп, жас буынның шығармашылыққа бейімделуін дамытты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Г.Нургазина «Шамшырағы қазақтың – Ұлы Абайы» тақырыбымен 5 сыныптар арасында сайыс өткізіп, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы шәкірттердің білімін ұштады.
«Қуат алып Абайдың оң ісінен» тақырыбымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі А.Мукагалиева, «Көңілім әнді ұғады» тақырыбымен музыка пәнінің мұғалімі А.Елубаева ашық көрсетілімдерді көрермен назарына ұсынып, дарынды шәкірттердің өнеріне жиылған қауым тәнті болды.
Осы онкүндік барысында ерекше көзге түскен ағылшын тілі мұғалімдері М.Камалиева мен А.Карабаева «Trilingualizm – Abai, Pushkin and Shakespere's language» сыныптан тыс іс-шарасында үштілділікті жүзеге асырып, батыс мәдениетін қазақи ділмен ұштастырды.
Онкүндіктің аяқталуына байланысты «Абайды білмек керек, ойлы жасқа» жабылу салтанаты кезінде сайыстардан ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқан оқушылар мадақтамалармен марапатталды.
Онкүндік тағылымы мол, оқушылардың қазақтың бас ақыны Абайдың мәңгілік мұрасын зерттей, зерделей қарастыруына барынша көп жағдай жасай отырып өткізілді. Мектеп ұжымы да іс-шараларды тамашалап, жоғары деңгейде өткізілген онкүндік бүкіл республикалық ұлы үрдіске салған үлесіміз болды деп айта аламыз.