Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсанында «Ақынның сөзі жүректе» тақырыбымен әдеби кеш өтті.
Оқу-тәрбие жоспарына сәйкес мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ақпан айындағы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсанында «Ақынның сөзі жүректе» тақырыбымен әдеби кеш өтті.
Әдеби кеш ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдерімен басталып, түрлі бейнебаян, презентация ұсынылды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат, жанұялық қорынан алынған жеке фотолары мен ұрпақтары, жұбайы түскен суреттері көрсетілді.
Оқушылар жас ерекшеліктеріне сай бірнеше топтарға бөлініп, отбасы, Отан, махаббат тақырыбындағы өлеңдерді жаттап әдеби монтажға белсенді қатысты. Солай 5 сыныптар Г.Нургазинаның жетекшілігімен ана, әке туралы өлең жаттады, 6-7 сынып оқушылары А.Мукагалиеваның дайындығымен патриоттық өлеңдерді айтты, 8-9 сыныптардың балалары М.Айкенованың, 10 –сынып оқушылары Т.Бигозинованың ұйымдастыруымен махаббат лирикасына тоқтала кетті. Сонымен қатар әдеби кеште оқушылар ақынның бұрыннан ел аузында жаттанды болған «Саржайлау», «Наурыз», «Сәби болғым келеді» әндерін орындап, ақын шығармашылығын өзгеше қырдан танытты. Іс-шараға барлық сыныптардың оқушылары қызығушылық танытып, белсене қатысты.