27
февраль
2020
«Зере әже ізімен...» атты қыз-келіншектер сайысы
2020 жылы ақпан айының 27 жұлдызында мектебімізде кәсіподақ төрайымы Г.Ж. Богусованың ұйымдастыруымен қазақ халқының ар-ожданы, ұлттық мақтанышы, әрбір сөзі даналықтың үлгісі болған ұлы ақын, ойшыл – философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мектепішілік «Зере әже ізімен...» атты қыз-келіншектер сайысы өтті. Сайыс бес бөлімнен тұрды.
1. «Бойтұмар бағым-бойжеткен». Қатысушылар ұлттық стилдегі киіммен өзін таныстырады. (әнмен, көркемсөз, көркем тіл арқылы. Өзін-өзі аспапта сүйемелдеуіне назар аударылады.Таныстыруды сахнадағы экран арқылы өз ауылының келбеті, қасиеті, тарихи жерлерін слайд арқылы көрсету). Әр қатысушығы 2-3 минут уақыт берілді.
2. «Білімдіден шыққан сөз».
Сайыскерлер қазақи ырым-тиымдар, әдет-ғұрып, тұрмыстық өмірден, ұлттық салт-дәстүрлерден, Абай шығармаларынан, Зере әженің тәлім-тәрбиесі туралы, өмірбаян, тарихтан, Тәуелсіз Қазақстанға қатысты арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.
3. «Өнерліге өріс-кең». Қастысушы қыздарымыздың өнерлері сынға түседі. Қатысушылардың өнері, таланты, шығармашылық дарыны сыналады. (Әркім өз қабілетіне қарай ән, би, қолөнері, көркемсөз, поэзия, аспазшылық шеберлігі, театрландырылыған көрініс т.б. өнерін ортаға салды.)
4. «Абай мұрасы»
Қатысушылар Абайдың қарасөздерін, аудармаларын, өлеңдерін жатқа оқыды. /өз таңдаулары бойынша/тақырыпқа байланысты образ, шығарманы көркем оқуы сарапталды.
5. «Иизу –Раушан, көзі-Гауһар»
Арулар сән-салтанаты келіскен халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бай, ұлттық киімдерді осы заманға лайықтап, үйлесімді кешкі салтанатқа арналған сәнді киім үлгілерін көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша І орын бастауыш сынып мұғалімі Б.Б. Мұхаметқали, ІІ орын тарих пәні мұғалімі Р.Жұмағазы, ІІІ орын ағылшын тілі пәні мұғалімі
М.Н. Камалиева иеленді, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімі Ж. Асқарбекова «Кербез қыз» , толық күнді кіші орталық тәрбиешісі А. Муратова «Өнерлі қыз» номинацияларымен марапатталды.